Юнусов Сахибжан Муратжанұлы- Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Сұлтанрабат ауылында дүниеге келген. 2003 жылдан бері “Жыланбұзған” жалпы білім беретін мектебінде физика және информатика пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда педагог-зерттеуші санатында еңбек етуде.
Сахибжан Муратжанұлы өз қызметінде оқушылардың білімін жетілдіру үшін заманауи технологияларды, инновациялық әдістерді және цифрлық құралдарды тиімді пайдаланады. Оның сабақтары оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Сахибжан Юнусовтің кәсіби біліктілігін арттыру жолындағы табандылығы оның жетістіктерінен көрінеді:
Аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі байқаулар мен жобалардың жүлдегері;
Цифрлық сауаттылық, робототехника, бағдарламалау (Python, Java) және критериалды бағалау бойынша арнайы курстарды аяқтаған;
Әдістемелік және ғылыми мақалалары аудандық және республикалық басылымдарда жарияланған.
Сонымен қатар, бұл ұстаз оқушыларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындап, олардың жеңісті орындарға ие болуына үлкен үлес қосуда. Семинарлар мен тренингтерге қатысып, өз тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп, білім беру сапасын арттыруға белсенді атсалысып келеді.
Сахибжан Юнусов – еңбекқорлығы мен шығармашылығын біріктіре отырып, білім беру саласында зор үлгі болып отырған жаңашыл педагог.
Сахибжан Юнусов – шығармашылық бағытта жұмыс істейтін маман. Ол әлеуметтік желілерде белсенді түрде өз жұмыстарын жариялап, шығармашылық жобаларымен бөліседі. Оның шығармашылық жұмыстарының жасанды интеллектіні сабақтарда қолдану, робот техникасы бойынша және басқа да шығармашыл идеялар авторы болып келеді.













