Достың дінге ықпалы

Дос – сенің өміріңде бағыт-бағдар беретін, жол нұсқаушы адам. Достың айтқан ақылы, жалпы өмірде таңдау жасауда өз ықпалын тигізетіні сөзсіз. Бір-біріне тек жақсылық тілейтін адал достықтың ғұмыры ұзақ болып, тамыры кеңге жайылмақ. Хадисте: «Адам – досының дінінде. Сол үшін кіммен дос болып жүргендеріңе қараңдар» деп айтылуы, пенденің досына қарап басқа қасиеттерін байқауға болатындығын нұсқайды. Жақсы ортамен араласқан, жақсылармен достасқан адам, тек көркем әдеттерді, ізгі қасиеттерді бойына сіңіреді. «Досы жақсының – өзі жақсы» демекші, досын дұрыс таңдай алған пенде табысқа жетті.

Ал достың дінге ықпалы – бұл маңызды және терең мәселе. Әр адамның өз ортасы және достарымен қарым-қатынасы оның дүниелік және діни өміріне әсер етеді. Достар арасында ортақ діни құндылықтармен сенімдер болса, адам осы ортада өзін жайлы сезініп, діни ұстанымдарына берік болуға ынталы болады. Достардың діни өмірі мен тәртібі, олардың өз дініне деген құрметі, дінге қатысты ұстанымдары адамдарға үлгі бола алады. Мысалы, намаз оқитын, сүннетке сай өмір сүретін, жақсылық жасауға ұмтылатын адамдармен араласу адамды сол жолды ұстануға, діни міндеттерін орындауға шабыттандыруы мүмкін. Діни тақырыптарды талқылау, бір-біріне діни білім беруде маңызды ықпал етеді. Бір дос екіншісіне діни сұрақтар бойынша жауап беруі, оны тереңірек білім алуына себеп болады.

Достардың бір-біріне қолдау көрсетуі, әсіресе қиын жағдайларда, адамның дінге деген сенімін арттыра алады. Мысалы, қиын сәттерде досының дұға етуі, сабыр сақтауға шақыруы адамды рухани тұрғыдан қуаттандырады. Мұндай қолдау адамды моральдық тұрғыдан нығайтып, дінге деген сенімін тереңдетеді.

Дұрыс достың сипатын Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жақсы дос пен жаман достың мысалы әтір сатушы мен от үрлеушінің мысалындай. Әтір сатушыға келер болсақ, не ол саған сыйлық жасайды, не сен одан бір нәрсе сатып аласың, не одан шыққан кезде хош иісті сезесің. Ал от үрлеушіге келер болсақ, не ол сенің киіміңді күйдіреді, не одан шыққан кезде сасық иісті сезесің» деп келтірген.

Кейде достардың ықпалы теріс бағытта да болып жататын жәйттар аз емес. Оған дәлел қаншама қазақ бауырларымыз теріс бағыттағы адамдарды тыңдап, милары уланып, сол адамдар құрып берген қиялға тойып алып, теріс ағымдағы адамдардан дәріс алу үшін немесе жат елде соғысу үшін шетел асып кетіп жатқаны. Бұл жағдайда, достардың теріс ықпалы адамды діннен алыстатып, тура жолдан тайдырып, күнәлі істерге баруға итермелейді. Осыған дейін түбі өкінішке әкеліп соқтырған қаншама оқиғаларды жаңалықтардан, видеороликтерден және әлеуметтік желілерден байқап, көріп қалып жатырмыз. Дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде кетіп қалмау үшін, фундаментті мешіт-медреседегі Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы бекіткен имамдардан, ұстаздардан білім алып, қалаған дұрыс. Одан кейін барып, білгеніңмен достардың   арасында бөлісіп, діни танымды арттырған абзалырақ болмақ. Дос – адамның айнасы. Қазақта «Сен маған досыңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтамын» деген сөз бекерден-бекер айтылмаса керек.Дос таңдауда қателеспейік!

Теолог маман                                                            М.Серікұлы

2025 жылғы «__»

Тіркеу №_____

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *