Кентауда жас ұрпақ арасында адалдық құндылықтары насихатталды
Кентау қаласында жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық сурет байқауы өтті. Шығармашылық байқау балалардың қоғамдағы маңызды мәселелерге өзіндік көзқарасын білдіруіне және жемқорлыққа қарсы мәдениетті ерте жастан қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен…