🌷Бүгін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Азат Оралбаев ауыл округтерін арнайы аралап, мерекелік кездесулерге қатысты.
🌷Мерекелік іс-шаралар Шұбар, Шұбарсу, Бөржар, Бадам ауыл округтерінде ұйымдастырылып, мәдениет үйлері мен білім беру мекемелерінде салтанатты жиындар өтті. Аудан басшысы әр округтегі басқосуларға қатысып, тұрғындарды көктем мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
– Бұл мереке – адамгершілік пен мейірімділіктің, ізгілік пен сыйластықтың айқын көрінісі. Сіздердің қоғамдағы жауапкершіліктеріңіз бен еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Күнделікті тіршілікте атқарып жүрген адал қызметтеріңіз, отбасы мен қоғамдағы орнықтылыққа қосып отырған үлестеріңіз ауданымыздың дамуына да оң әсерін тигізіп келеді. Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін, – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
🌷Салтанатты жиындар барысында түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды. Сонымен қатар мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, әсем әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🌷Әр округте ұйымдастырылған басқосулар тұрғындардың көңілінен шығып, мерекелік атмосферамен өрбіді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
















