ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОТБАСЫ КҮНІМЕН ҚҰТТҚТАДЫ

Төлеби ауданында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбие мен сабақтастықты насихаттау, сондай-ақ мемлекет тарапынан отбасы институтын қолдауға бағытталған игі шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысының бастамаларын өңірде жан-жақты ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру жұмыстары аясында аудан басшысы Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды маңызды мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтап, өз жүрекжарды тілектерін жолдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз құттықтауларының бірінде «Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт» деп атап өткен болатын. Шын мәнінде, отбасы – әрбір азаматтың өмірлік дүниетанымы мен адамгершілік қасиеттері қалыптасатын қасиетті шаңырақ болып табылады. Ана жүрегінің шексіз жылуы, әкенің өнегелі тәлімі, үлкендердің ақылы мен батасы – келешек ұрпақ тәрбиесінің ең берік негізі екендігі даусыз. Қазақ халқы ежелден отбасы құндылықтарын биік қойып, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсетуді, бала тәрбиесін әрдайым басты орынға қоюды дәстүрге айналдырған. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміз бен асыл ұлттық құндылықтарымыздың ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасуы да дәл осы отбасындағы берік тәлім-тәрбиеден бастау алады. Мемлекет басшысы айрықша атап өткендей, әрбір қазақстандық шаңырақтың бақытты әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды стратегаялық мақсаттардың бірі болып табылады. Осы ретте бала тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау, өскелең жас ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – қоғам мен биліктің баршасына ортақ қасиетті міндет. Осы айтулы мереке күні аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданының әрбір отбасына зор денсаулық, бақ-береке, өзара ынтымақ пен татулық тіледі. Әр шаңырақта қадірлі ата-ананың мерейі үстем болып, балалардың шат күлкісі мен қуанышы ешқашан үзілмеуі тиіс екенін жеткізді. Барша тұрғындарға арналған құттықтауда шаңырақтарының биік, керегелері кең, ал босағалары берік болуын тілеп, ел бірлігін нығайтуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *