ҚАРИЯЛАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫҒА МЕРЕКЕЛІК СЫЙ-СИЯПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Төлеби ауданында қасиетті Халықаралық қарттар күнін жоғары деңгейде атап өту, ардақты аға буын өкілдеріне айрықша құрмет көрсету, оларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету және қоғамда мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын нығайту бағытындағы маңызды іс-шаралар жүйелі түрде жалғасып келеді. Мемлекет тарапынан азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға, ардагерлер мен қарттарға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар жандарға үнемі қамқорлық жасауға бағытталған стратегиялық бастамаларды өңірде тиянақты жүзеге асыру мақсатында 1 қазан – Қарттар күніне орай Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мазмұнды әрі тағылымды кездесу өтті. Мерекелік іс-шара барысында аталған орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын Төлеби ауданының жиырма екі қарт азаматына және әлеуметтік қолдауды қажет ететін ерекше жандарға мерекеге орай жергілікті жомарт демеушілердің қолдауымен арнайы сыйлықтар мен сый-сияпаттар салтанатты түрде табысталды. Шексіз ізгілік пен шынайы құрметке негізделген бұл игі шара қазыналы қарттарға ерекше қуаныш сыйлап қана қоймай, үлкенге құрмет көрсету, қарияны ардақтау – халқымыздың ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан асыл қасиеттерінің бірі екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *