ҰҚК ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ІРГЕТАСЫНА КАПСУЛА САЛЫНДЫ:ЕЛ ҚАУІПСИЗДІГІН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Төлеби ауданында өңірдің қауіпсіздік жүйесін нығайту, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне заманауи талаптарға сай тиісті жағдай жасау және мемлекеттік маңызы бар құрылымдардың жұмыс тиімділігін арттыру бағытындағы ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Мемлекет тарапынан елдің егемендігі мен конституциялық құрылысын қорғауға бағытталған стратегиялық бастамаларды өңірде тиянақты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің Төлеби аудандық бөлімшесіне арналған жаңа заманауи ғимараттың іргетасына капсула салудың салтанатты рәсімі өтті. Маңызды шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Талғат Мелдешов, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ҰҚК Төлеби аудандық бөлімшесінің басшысы Дәулет Тастеміров, Ленгір қаласының әкімі Мақсат Жұмабаев, ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері мен жауапты қызметкерлері қатысып, ел игілігі үшін атқарылар іске сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1992 жылғы 13 шілдеде құрылып, отыз жылдан астам уақыт бойы еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, конституциялық құрылысын, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздігін қорғау бағытында аса маңызды міндеттердібы абыроймен атқарып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Ұлттық қауіпсіздік жүйесі – мемлекеттігіміздің басты тұғыры». Міне, осы стратегиялық бағытта ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелетін жауапкершілік әрқашан айрықша болып табылады. Төлеби ауданында бой көтеретін жаңа ғимараттың салынуы осы саланың мамандарына заманауи талаптарға толық сәйкес келетін қолайлы жұмыс жағдайын қалыптастырып, өздеріне жүктелген жауапты міндеттерді бұдан да жоғары деңгейде тиімді орындауына кең мүмкіндік береді.
Іргетасқа капсула салу рәсімі – жаңа нысанның құрылысының басталғанын айқындайтын айрықша тарихи сәт. Сонымен қатар, бұл игі бастама елдің қауіпсіздігіне деген шексіз жауапкершіліктің, мемлекетке адал қызмет етудің және ұрпақтар сабақтастығының берік символдық белгісі саналады. Жаңа нысанның құрылысы белгіленген мерзімде сәтті аяқталып, туған еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы жауапты қызметке өз үлесін қоса бергей!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *