КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ ПА, ӘЛДЕ ШЫНАЙЫ ДАМУ МА? ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӨПІР АСТЫНЫҢ ШЫНДЫҒЫ.

🔺Сырты жылтырап, іші қалтырап тұрған дүниелер көп. Түркістан қаласының орталығындағы көркем безендірілген көпір соның бір дәлелі. Бір қарағанда, көзді арбайтын муралдар, түрлі-түсті суреттер, жайнап тұрған көпір астындағы бағаналар – бұл жерді көрген адам бір сәтке шетелдік мегаполисте жүргендей күй кешуі мүмкін. Алайда, егер назарды төмен салып, көпірдің астына түссеңіз, жағдай мүлде басқа.

🔺Сурет салуға қаржы бар, ал сапаға ше?

🔺Мұнда салып кеткен муралдардың астарында не жатыр? Бұл шынымен де қаланы көріктендіру ме, әлде шынайы проблемаларды бояумен бүркемелеу ме? Жаяу жүргінші жолы – тратуар – өте тар. Екі адам қатар жүре алмайды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүлде бейімделмеген. Арбамен қозғалу түгілі, сау адамның өзі сүрініп кететіндей. Тастың қиыршығы шашылып жатыр, аяқтың астындағы топырақ тегістелмеген, қауіп көп.

😠Әкімдік жауабы қайда?

🔺Бұл мәселені бірнеше рет Түркістан облысы мен қаласының әкімдігіне жолдадық. Алайда, ешбір баспасөз хатшысы жауап беруге жарамады. Егер бәрі дұрыс болса, неге үнсіздік? Әлде бұл үнсіздік – шындықты мойындаудың белгісі ме?

😞Инклюзивті қала боламыз десек…

🔺Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет елді мекендерде инклюзияны дамыту керектігін айтқан. Алайда Түркістан қаласында көпір астындағы жаяу жүргінші жолының өзі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қауіп. Бұл – адам құқықтарын өрескел елемеу ғана емес, мемлекеттің инклюзивтілікке ұмтылған бағытына ашық қайшы әрекет.

☹️Қорытынды:

🔺Сыртқы жылтырақпен ішкі сапасыздықты жасыру ешқашан да ұзаққа бармайды. Түркістан – қазақ руханиятының ордасы, ел назарындағы қала. Бірақ дәл осындай көзбояушылықпен, көз тартар суреттермен ғана даму болмайды. Шын мәнінде халыққа керек нәрсе – сапа, қауіпсіздік және әділ жауапкершілік.

Автор: Ләззат Асанова, журналист, қоғам белсендісі.

түркістан, #әзімбек_пазылбеұлы, #түркістаноблысы, #қаржықайдакетті Túrkistan oblysynyń ákimdigi Акимат Туркестанской области

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *