ТҮРКІСТАН- ТЕК ЖАҢА ҚАЛА МА?

Түркістан – тамыры тереңге кеткен тарихымыздың алтын бесігі. Елбасының бастамасымен басталған қайта жаңғырту үдерісі бүгінде қала келбетінің жаңа келбетін қалыптастырды. Дегенмен, бұл өзгерістер тек «жаңа қала» аумағында ғана көрініс тауып отыр.

Бүгінде Түркістанның жаңа шағынаудандары мен әкімшілік орталықтары көз тартарлықтай дамып жатқанда, ескі қаланың халқы елеусіз қалып отыр. Инфрақұрылымы тозған, жолдары шұрық-тесік, жарықтандыру мен абаттандыру мәселесі шешілмеген. Халықтың әлеуметтік тұрмысы да назардан тыс қалғаны байқалады.

Сонда Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы неге тек жаңа қалаға ғана басымдық беріп отыр? Ал қала тарихының жүрегі, өркениетіміздің ізі қалған көне мекеннің халін кім ойлайды? Ескі қаланың абыройы, тұрғындарының өмір сапасы жаңа Түркістанның ажырамас бөлігі емес пе?

Халықтың көкейінде «ескі қала – ескі ғасырда қалып қойғандай» деген реніш бар. Қаланың дамуында тепе-теңдік пен әділдік болуы тиіс. Жаңа нысандармен қатар, бұрыннан бар тұрғын үйлер мен көшелер де көркейтілуі қажет.

Егер бұл мәселе елеусіз қала берсе, Түркістанның шынайы рухы мен тарихи келбеті көлеңкеде қалуы мүмкін. Әкім мырзадан осы мәселеге жіті назар аударуды сұраймыз.

Автор: Лаззат Асанова, Түркістан қаласы

түркістан, #түркістаноблысы, #ТазаҚазақстан, #әзімбекпазылбеұлы, #ескіқала

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *