ШӘУІЛДІРДЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Шәуілдір ауылында кәсіпкерлік нысандардың қызметін ұйымдастыру, санитарлық тазалықты сақтау және қоғамдық орта мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Аудан әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ ауылдағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, кәсіп иелерімен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлік қызметпен қатар, нысан аумағының тазалығы мен абаттандырылуына…