Адал азамат тәрбиелеу – басты міндетіміз
Қазір жастар тәрбиесі қоғамды алаңдатып отыр. Нашақорлық , лудомания, вандализм, буллинг, ысырапшылдық секілді келеңсіздіктер етек алып, жастарды аздыруда. Бұл еліміздегі тәрбие жұмысының деңгейі төмендеп кеткенін көрсетеді. Бүгінде балабақшадан бастап орта мектеп, жоғары оқу орындарының барлығында тәрбие жұмысы білім беру үдерісінен артта қалып қойған. Балаларымыздан бірнеше тілді үйренуді талап етеміз. Заман талабы осы екен деп оқу…