ОТЫРАРДАН АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ЕҢ КӨНЕ МЕШІТТІҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

Отырарда археологиялық зерттеулер барысында Алтын Орда дәуіріне тиесілі мешіттің орны табылды. Түркістан облысындағы ортағасырлық Отырар қаласының шахристан бөлігіндегі қазба жұмыстары кезінде анықталған нысан XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырға жатады. Бұл бүгінге дейін Отырар аумағынан анықталған мешіттердің ішіндегі ең көнесі болып отыр. Жаңа археологиялық жаңалық Отырардың Қазақстан тарихындағы ғана емес, Орталық Азиядағы ортағасырлық өркениетті…

Читайте далее

АУДАНДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Отырар ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысын саралау және алдағы кезеңге белгіленген міндеттерді нақтылау мақсатында кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы төрағалық етіп, жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларының атқарған жұмыстары туралы баяндамаларын тыңдады. Аппараттық жиынның күн тәртібінде 2026 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және 9 айға жоспарланған межелер…

Читайте далее

ЯСАУИ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Отырар ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи-рухани мұраны зерделеу және өскелең ұрпаққа тағылымды дүниелерді кеңінен насихаттау бағытында мазмұнды семинар өтті. Түркістаннан бастау алған «Ясауи керуені» аймақтық ғылыми-танымдық басқосуы Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын тереңірек танып, оның рухани мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңызын талқылауға арналды. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы қазақ халқының рухани тарихында ерекше орын алады….

Читайте далее

ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚТА ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Отырар өңірінде табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған облысаралық оқу-жаттығу жиыны өтті. Түркістан мен Қызылорда облыстарының шекарасы түйісетін аумақта ұйымдастырылған ауқымды шара орман және далалық жерлердегі өрттің алдын алу, төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет ету және екі өңірдің жауапты қызметтері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге арналды. Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасының…

Читайте далее

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАЗАЛЫҚ ПЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТКЕ ҮНДЕУ

Елді мекендердің тазалығы мен көркейуі тұрғындардың ортақ жауапкершілігіне байланысты. Осы бағытта Тереңөзек кентінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмысшы топ көшелерді аралап, санитариялық тазалық талаптарын сақтау, қоршаған ортаны ластамау және өздеріне тиесілі аумақтарды күтіп-ұстау жөнінде тұрғындарға қажетті ақпарат берді. Іс-шараның басты мақсаты тек көшелердің тазалығын қамтамасыз ету емес, тұрғындар арасында қоршаған…

Читайте далее

АУДАНДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Ауданда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық маңызы бар мәселелерді жүйелі түрде қарастырып, атқарылып жатқан жұмыстарды саралау мақсатында кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы төрағалық жасап, жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларының есебін тыңдады. Аппараттық мәжілісте ауданның алдағы жылу беру маусымына дайындығы негізгі мәселелердің бірі ретінде қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуы тұрғындардың қауіпсіздігі…

Читайте далее

ОТЫРАРДА АПТАП ЫСТЫҚҚА ҚАРСЫ «САЛҚЫН САМАЛ» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Отырар ауданында жазғы аптап ыстық кезінде тұрғындардың, әсіресе балалардың жайлы әрі қауіпсіз демалуына жағдай жасау мақсатында «Салқын самал» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасымен өткен шара орталық алаңда өткізіліп, балалардың жазғы демалысын көңілді әрі жайлы өткізуіне бағытталды. Жаз мезгіліндегі жоғары ауа температурасы балалардың далада ұзақ уақыт ойнауына қолайсыздық тудыруы мүмкін. Осыны ескере отырып, шара…

Читайте далее

АУДАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Отырар ауданында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауданның барлық ауылдық округтерінде тазалық және абаттандыру шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Акцияның негізгі мақсаты, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың туған жердің тазалығы мен көркеюіне деген жауапкершілігін арттыру….

Читайте далее

ВЕТЕРИНАРИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ветеринария қызметкерлері күніне орай арнайы жиын өтіп, салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген мамандар мен ардагерлерге құрмет көрсетілді. Кәсіби мерекеге арналған басқосу ветеринария саласының ел өміріндегі маңызын атап өтуге және жауапты қызмет атқарып жүрген мамандардың еңбегін бағалауға арналды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев пен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов…

Читайте далее

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖӘНЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДАҒЫ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Аудан аумағында санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендердің көркеюі мен абаттандырылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді. Осыған байланысты «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында кәсіпкерлік нысандарда кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг жұмысына аудан әкімінің орынбасары Қ. Сейтқұл төрағалық етті. Жұмыс барысында аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың санитарлық тазалық пен абаттандыру…

Читайте далее