«Нақты көмек»: Қоғамдық жұмыстар
Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту үшін мансап орталықтары 12 айдан аспайтын қоғамдық жұмыстар ұйымдастырады. Оған есепте тұрған жұмыссыздар, сабақтан бос уақытында студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ қызметінің тоқтауына байланысты жұмыссыз жүрген азаматтар қатыса алады. Жолдама алу үшін жергілікті мансап орталығына хабарласу керек.