МАҚТААРАЛДА ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ
Мақтаарал ауданында аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени өміріндегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлімдердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері және аумақтық мекемелердің өкілдері қатысты. Аппараттық мәжілістің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайының…