САУРАН АУДАНЫНДА БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАР ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысында өндіріс пен фармацевтика саласын дамытуға, экономиканы әртараптандыруға және импортты алмастыратын отандық өндірістердің үлесін арттыруға бағытталған ірі инвестициялық жоба қолға алынды. Сауран ауданындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағына қарасты «Ораңғай» қосалқы экономикалық аймағында «Orzax Central Asia» ЖШС-нің биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауытының құрылысы басталып, уақыт капсуласы салынды. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы Сауран ауданының өндірістік…