МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ: МАҚТААРАЛДА 47 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 6 ӨНДІРІСТІК ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Мақтаарал ауданында инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және шекара маңындағы аумақтардың экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек ауданға жұмыс сапары барысында Қазақстан-Өзбекстан шекарасы маңында құрылған экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық жұмыстарымен және жүзеге асырылатын инвестициялық жобалармен танысты. Жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасары ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын саралап, жалпы…