Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 44-сессиясы өтті

Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 44-сессиясы өтіп, қала дамуына және тұрғындарды әлеуметтік қолдауға қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды. Сессия жұмысына Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл әкімдері және мәслихат депутаттары қатысты. Сессияның негізгі мәселелерінің бірі Кентау қаласының алдағы жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу болды. Депутаттар Кентау қалалық…

Читать далее

Кентауда бірқатар коммуналдық мемлекеттік мекемелерге жаңа басшылар тағайындалды

Кентау қаласында бірқатар коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшылық құрамына өзгерістер енгізілді. Қала әкімінің өкімімен бірнеше мекемеге жаңа директорлар тағайындалып, оларға өз салалары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және дамыту міндеттері жүктелді. Жаңа басшылардың қатарында коммуналдық қызмет, қоғамдық-рухани бағыт, жастар саясаты, қоғамдық келісім және ақпараттық-цифрлық жұмыс салаларында тәжірибесі бар мамандар бар. Олардың еңбек жолында мемлекеттік қызмет, білім беру, кәсіпкерлік,…

Читать далее

Кентауда қала бюджеті мен тұрғын үйді басқару мәселелері талқыланды

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және тұрғын үй қорын басқару жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды. Аппараттық мәжілісте күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларының есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер сараланды. Қала әкімінің төрағалығымен…

Читать далее

Кентауда балалар арасында экологиялық плоггинг акциясы өтті

Кентау қаласында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып жатқан шараларға қала тұрғындары, жастар мен еріктілермен қатар өскелең ұрпақ та белсенді қатысып келеді. Осы бағытта қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында балалар арасында «Плоггинг» экологиялық акциясы өткізілді. Шараның негізгі…

Читать далее

Кентауда электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Кентау қаласында тұрғындарды сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қаладағы электр желілерінің техникалық жағдайын жақсарту және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобына кіретін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Кентау қаласы электр желілері қызметкерлері инвестициялық бағдарлама аясында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Электр энергетикасы қаланың тұрақты тіршілігін…

Читать далее

Кентауда электр желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Кентау қаласында тұрғындарды сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қаладағы электр желілерінің техникалық жағдайын жақсарту және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобына кіретін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Кентау қаласы электр желілері қызметкерлері инвестициялық бағдарлама аясында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Электр энергетикасы қаланың тұрақты тіршілігін…

Читать далее

Кентауда ведомствоаралық штаб отырысында нашақорлықтың алдын алу мәселелері қаралды

Кентау қаласында қала әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиынға қаладағы тиісті мемлекеттік мекемелер мен жауапты сала өкілдері қатысып, есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстардың қазіргі барысын талқылады. Отырысты Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов жүргізді. Жиынның негізгі мақсаты жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру және…

Читать далее

КЕНТАУДАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕБІ – РЕСПУБЛИКАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 2025–2026 оқу жылына арналған ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытынды рейтингі жарияланды. Республика бойынша 125 мыңнан астам оқушы қатысқан төрт кезеңді білім додасының нәтижесінде Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицейі жоғары нәтиже көрсетіп, республика бойынша І орынға ие болды. Осылайша білім ордасы «Ең үздік ауыл мектебі» атанды….

Читать далее

КЕНТАУДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ПЛОГГИНГ ФОРМАТЫНДА ӨТТІ

Кентау қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» республикалық бағдарламалары аясында жалпықалалық сенбілік плоггинг форматында ұйымдастырылды. Ерекше форматта өткен тазалық шарасы жарыс түрінде өткізіліп, оған қала тұрғындары белсенді қатысты. Қатысушылар белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғауға және қаланың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Плоггинг – жаяу жүру немесе…

Читать далее

КЕНТАУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Кентау қаласының аумағында тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және абаттандыру қағидалары талаптарының орындалуын бақылау мақсатында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Мобильді жұмыс тобы қала аумағындағы көшелерді, қоғамдық орындарды, сауда нысандарын және кәсіпкерлерге тиесілі аумақтарды аралап, олардың санитарлық жағдайын зерделеді. Рейд барысында абаттандыру және санитарлық тазалық қағидаларының сақталуына ерекше назар…

Читать далее