ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОДӘЛІЗ БОЙЫНДА ЗАМАНАУИ КЕШЕН САЛЫНУДА

Түлкібас ауданында көлік-логистика саласын дамытуға және халықаралық автожол бойындағы сервистік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы жобалардың бірі – Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автодәлізі бойында, Тұрар Рысқұлов ескерткіші маңында салынып жатқан көпфункционалды кешен. Аудан әкімі Асқар Естібаев жауапты сала мамандарымен бірге құрылыс алаңына барып, жұмыстың барысымен танысты. Мердігер ұйым өкілдері құрылыс кезеңдері…

Читайте далее

ТҮЛКІБАСТА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және елді мекендердің инфрақұрылымын жетілдіру – Түлкібас ауданындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы мәселелер аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері мен тиісті мекемелердің өкілдері қатысты. Мәжілісте ауыз сумен қамту жағдайы, заңсыз құрылыстардың алдын алу, санитарлық…

Читайте далее
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

Тіл – елдің рухани байлығы, ұлттық құндылықтары мен мәдени мұрасын сақтайтын маңызды құрал. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оның қоғамдағы рөлін арттыру Қазақстандағы тіл саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы мақсатта Түлкібас ауданында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты аудандық мәдени-көпшілік іс-шара өтті. «Тұңғыш Президент» саябағында…

Читайте далее
«ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

«ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Түлкібас ауданында әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өтініштерін қарау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта аудан әкімі Асқар Естібаев «Тең қоғам» орталығына барып, орталық қызметін пайдаланушылармен кездесті. Кездесу барысында азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, оларды шешу жолдары талқыланды. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жасұлан Раймбеков 2026 жылдың алғашқы…

Читайте далее
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПКЕ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН ТӘРТІПКЕ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Түлкібас ауданының Рысқұлов ауылдық округіне қарасты Азаттық ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарға белгіленген талаптарды түсіндіру және қоғамдық тәртіптің сақталуына назар аудару. Осы бағытта мобильді топ құрылып, оның қатысуымен саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары…

Читайте далее

«АСАРЛАТ» – БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫҢ ҮЛГІСІ

  Кентау қаласында қазақ халқының дәстүрлі «Асар» құндылығын жаңғыртып, тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға бағытталған «Асарлат» акциясының кезекті іс-шарасы өтті. Игі бастама қала тұрғындарының қоғамдық белсенділігін арттырып, өзара көмек пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Кентау қалалық Руханият орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтіп жатқан акция барысында тұрғындар көпқабатты үйлердің аулаларын тазалауға атсалысты. Ортақ іске жұмылған…

Читайте далее

КЕНТАУДА СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ МУРАЛЫ САЛЫНДЫ

  Кентау қаласында ұлттық руханият пен тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі жүзеге асты. Қаланың Сәкен Сейфуллин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы әрі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің муралы салынды. Көркем туынды қала кеңістігіне өзіндік сән беріп қана қоймай, тұрғындарға қазақ халқының тарихы мен әдебиетінде айрықша орны бар тұлғаны тағы…

Читайте далее

КЕНТАУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ДӘРІПТЕЙТІН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

  Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ тәрбиесі мен рухани сабақтастықты нығайтуға бағытталған тағылымды кездесу өтті. «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ ұйымдастырған мазмұнды жүздесуге Қазақстан Республикасының Мәдениет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Түркістан облысының, Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының, Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы» Оразкүл Асанғазықызы арнайы қатысты. «Ұлттық…

Читайте далее

КЕНТАУДА «DIGITAL KENTAU–2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

  Кентау қаласында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, заманауи медиа және инновациялық шешімдерді дамытуға арналған «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық форумы өтті. Ауқымды іс-шара заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін таныстырып қана қоймай, білімді, ізденімпаз және жаңашыл жастардың басын қосқан маңызды алаңға айналды. Форумға елімізге танымал сарапшылар мен білікті спикерлер қатысып, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану, жаңа медиа…

Читайте далее

КЕНТАУДА ҚАРТТАР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ

  Кентау қаласында Қарттар күніне орай аға буын өкілдерінің басын қосқан «Даналық пен жаңашылдық» атты интеллектуалды сайыс өтті. Танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары шара қарттарды құрметтеуге, олардың өмірлік тәжірибесі мен білімін дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталды. Интеллектуалды сайысқа аға буын өкілдерінен құралған 10 команда қатысып, білімдері мен зеректіктерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын ортаға салды. Қатысушылар түрлі…

Читайте далее