КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Басқосуда ауданның 2026 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, алдағы кезеңге қойылған міндеттер мен жоспарлы межелердің орындалу барысы қаралды. Жиынның күн тәртібіне 2026 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалу деңгейі, тоғыз айға жоспарланған межелер және бюджет кірістері жоспарының орындалуы енгізілді. Аталған мәселелер ауданның…

Читайте далее

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Отырар ауданында мемлекет және қоғам қайраткері, ұлттық мәдениет пен руханияттың көрнекті өкілі Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына орай кіші футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Тағылымды шара спортты насихаттауды ғана емес, көрнекті тұлғаның ел тарихындағы еңбегін өскелең ұрпаққа танытуды мақсат етті. Турнирдің басты міндеттерінің қатарында жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас…

Читайте далее

ОТЫРАР АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Отырар аудандық мәдениет сарайында мәдениет саласының өкілдері мен спорт мектептерінің жаттықтырушыларының қатысуымен дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Басқосуға Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Мұзапбарұлы, орталықтың теолог маманы Нұрлыхан Жұмаханұлы және ауданның тиісті сала өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов…

Читайте далее

ОТЫРАРДА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Отырар ауданында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған көшпелі жиын өтті. №1 жалпы білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылған басқосуға ауданның білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын дінтану пәні мұғалімдері, мектеп психологтары мен ұстаздар қауымы қатысты. Жиынның негізгі мақсаты білім беру саласы мамандарының діни сауаттылығын арттыру, зайырлы мемлекет қағидаттарын түсіндіру және жасөспірімдер арасында рухани қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

Читайте далее

ОТЫРАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

Отырар ауданында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Тазалық пен абаттандыру мәселесі ауданның күнделікті қоғамдық өміріндегі маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осы мақсатта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан аумағында құрылған жұмысшы топ кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында…

Читайте далее

ОТЫРАР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Отырар ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын сақтауға бағытталған жұмыс мәжілісі өтті. Жиын барысында қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сақталуы тиіс талаптар жан-жақты талқыланды. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуға мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар қатысты. Жиынға Отырар ауданы әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау және құжаттандыруды қамтамасыз…

Читайте далее

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Отырар ауданында жаңа оқу жылына дайындық барысын саралап, білім беру саласының алдағы міндеттерін айқындауға арналған дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің базасында ұйымдастырылған жиын білім саласы қызметкерлерінің кәсіби басқосуына айналды. Кеңестің негізгі мақсаты 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстарды жан-жақты талдау, қол жеткізілген нәтижелерді саралау және жаңа оқу…

Читайте далее

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Отырар ауданында жаңа оқу жылына дайындық аясында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған алқалы жиынға білім саласының басшылары, мектеп директорлары, педагогтер, ардагер ұстаздар және жас мамандар қатысты. Жиынның негізгі мақсаты өткен 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстарды саралап, білім беру саласындағы нәтижелер…

Читайте далее

850 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және әкімшілік кедергілерді азайту мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызды бағыттардың бірі. Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту үшін көрсетілетін қызметтердің заң талаптарына сәйкес, ашық әрі сапалы жүзеге асырылуы қажет. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына…

Читайте далее

ОТЫРАРДА ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Отырар ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытындағы жаңа ірі жобаның құрылысы басталды. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және жергілікті өндіріс көлемін арттыруға бағытталған жоба аудан экономикасына жаңа серпін бермек. Жобаны «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС жүзеге асыруда. Кәсіпорын мақта тұқымын өңдеп, тұқым өндіретін заманауи зауыт салуды жоспарлап отыр. Жаңа өндіріс орны ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің тиімділігін…

Читайте далее