САУРАН АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен экологиялық бастамалардың жүзеге асырылуы талқыланды. Жиында аудан аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер пысықталды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ретінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аудан аумағында іске асырылу барысы…