ТӨЛЕБИ – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ, ТАЗАЛЫҒЫ – ОРТАҚ БОРЫШЫМЫЗ!
✅Бүгін Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай, «World Clean-up Day» аясында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. ↪️Ауқымды тазалық шарасына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған мемлекеттік қызметшілер, тұрғындар, коммуналдық қызметкерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсене қатысты. Қатысушылар көшелерді, қоғамдық орындарды, арық-атыздарды, жол жиектерін, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазалап, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді….