ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Арыс қаласында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік басқару саласындағы реформалардың мазмұнын түсіндіру, қызметтік әдеп қағидаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды кездесу өтті. Арыс қаласы әкімдігі аппаратының үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен маңызды ережелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік…