КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТТІ
Кентау қаласында Қала күніне орай бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жүгіру марафоны өтті. Спорттық шараға 14 жастан жоғары 500-ге жуық қала тұрғыны қатысып, өздерінің спортқа деген қызығушылығы мен белсенділігін көрсетті. Марафонның негізгі мақсаты тұрғындарды дене шынықтырумен тұрақты айналысуға ынталандыру, жастар арасында спорт мәдениетін қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту…