ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ
Арыс қаласында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тікелей тыңдау, азаматтарды толғандырған мәселелерді заң аясында шешу және халықпен тұрақты кері байланыс орнату бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта қала әкімі Қайсар Маңқараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдау – жергілікті атқарушы орган мен тұрғындар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ететін маңызды…