МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫ: МАҚТААРАЛДА ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ЖАЛҒАСУДА
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Мақтаарал ауданында халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және жергілікті атқарушы органдардың есептілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бекітілген жоспар аясында аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамды одан әрі демократияландыру, Мемлекет басшысының бастамалары…