ҮШҚАЙЫҚТА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сауран ауданының Үшқайық ауылдық округінде қыс-көктем мезгілдерінде болуы мүмкін су тасқынының алдын алу мақсатында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Негізгі міндет – өзен арналары мен арықтарды тазалап, су ағысының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және елді мекендерді су басу қаупін азайту. ӨЗЕН АРНАСЫ МЕН АРЫҚТАР ТАЗАРТЫЛУДА Теке елді мекеніндегі Қарашық өзенінің 2 шақырымдық арнасын тазалау және реттеу жұмыстары…